Қазақстанның жарық жұлдызы Димаш Құдайбергенді, қазақ халқы қашан отау құрады деген сауал мазалап жүр. Көбінесе қыздар қауымы арасында сүр бойдағымыздың сүйгені бар-жоғы, жүрегі боспа деген сұрақпен мазалары қашып жүр. Талай жүректерді ауыртқан осы сұраққа, өнер иесінің әкесі жауабын айтты. Димаштың әкесі, Қанат Айтбаев ұлы "өзі қалаған уақытта үйленеді" деген жауап қайтты.
Әншінің әкесі Қанат Айтбаев, ұлының алдағы жоспарлары мен Нью-Йоркегі концертінен алған әсерлерімен бөліскен.
Димаштың әкесі айтуы бойынша, ұлының қашан отау құратыны әзірге белгісіз екені мәлім болды.
Ол әлі жас. Үйленгісі келсе үйленеді, тағы да біраз күте тұрыңыздар. Әйтеуір бір күні үйленетіні аян", - дейді Қанат Айтбаев.
Сондай-ақ, ол Димаштың АҚШ-тағы концертінен кейін оған біраз күш жинап, біраз демалу қажет екенін айтты.
Өткен концерттен алған әсеріміз зор. Әрине оған көп күш жұмсалғаны да белгілі. Сағат айырмашылығының да әсері көп болды. Қазір ағзаны қалпына келтіруге біраз уақыт керек.
Десе де барлық күш-жігерімізді жұмсасақ та, ол сол тынымсыз еңбегімізге тұрды. Себебі өздеріңіз ойлап көріңіздер, қазақ халқының әндері мен домбыра әуені және Қазақстан атауы әлемдік сахнада паш етілді. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш", - деп атап өтті ол.
Комментарии
Хиты за

Махаббат па
10422Загрузок

Менің досым
10269Загрузок

Шаштары үрбиіп
9626Загрузок

Biz armandagan kunder
9295Загрузок

Дейді
8267Загрузок